Машина жасау кешені реферат

Обновлено: 05.07.2024

  • Для учеников 1-11 классов и дошкольников
  • Бесплатные сертификаты учителям и участникам

Тақырыбы: МАШИНА ЖАСАУ КЕШЕНІ. Машина жасау.

Білімділік . Қазақстанның машина жасау кешенінің ерекшелігі мен экономикадағы ролі туралы көзқарастарын қалыптастыру. Машина жасау кешенінің құрамымен таныстыру. Машина құрастырудың ғылыми-техникалық прогрестегі ролін түсіндіру, салаішілік және салааралық байланыстар, шикізат базасы туралы білім беру. Машина жасау кешенінің орналасу факторлары туралы көзқарастарын қалыптастыру.

Дамытушылық. Қазақстанның машина жасау кешенін карта бойынша сипаттау арқылы картамен жұмыс істеу икемділіктерін одан әрі дамыту.

Тәрбиелік . Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның машина жасау кешенінің картасы

Негізгі ұғымдар: машина жасау кешені, қорғаныс-өндірістік кешен, конверсиялау, бұйымдық мамандану, бөлшектер бойынша мамандану, технологиялық мамандану, технологиялық процестер

Номенклатура: Алматы, Ақтөбе, Астана, Шымкент, Петорпавл, Өскемен, Семей, Атырау, Қарағанды, Қызылорда

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

1. Еліміздегі көмір өнеркәсібі қай жерлерде игерілген.

2. Қазақстандағы электр қуатын электр стансаларының қандай түрлері береді?

3. Павлодар облысының ОЭК-нің өңдейтін салаларының орналасу факторлары;

4) Павлодар облысындағы өндірістің шоғырланған аудандары мен территоиялық құрылымы;

5) Павлодар облысының ОЭК-нің кешеннің даму болашағы

1. Қазақстандағы көмір өнеркәсібі еліміздің орталағында – Қарағанды облысында Қарағанды көмір алабы, солтүстігінде – Павлодар облысындағы Екібастұз көмір алаптары болып табылады.

2. Қазақстандағы электр қуатын ЖЭС, СЭС, АЭС -сы береді.

3. Павлодар облысындағы мұнай өңдеу зауыты Батыс сібірден Омбы арқылы келетін мұнаймен жұмыс жасайды.

3.Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі

1. Өнеркәсіпте өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын салаларды ата.

2. Ауыр өнеркәсіпке немесе А тобына қай салалар жатады?

1. Энергетика, металлургия, машина жасау, т.б.

2. Осы салалар А тобына жатады, олардың маңыздылары машина жасау, химия өнеркәсібі, электр қуаты.

4. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

Машина жасаудың құрамы: 1) машина жасау; 2) металл өңдеу,; 3) кіші металлургия. МЖК – шаруашылықтың әр түрлі салаларына құрал-жабдықтар шығарады. Ол басқа да салааралық кешендермен тығыз өндірістік байланыста болады. МЖК өндіріс саласы ретінде ҰОС жылдарында эвкуациямен кқшіріліп әкелінген кәсіпорындар негізінде құрылды. 1990 жж. МЖК дағдарыс жағдайында болды. Қазір МЖК-нің құрамында 1500-ден астам кәсіпорын бар. Онда өндірістің барлық салаларында ең көп жқмыскерлер қызмет етеді. Елімізде тек құрастыру кәсіпорындары құрылған (Өскемен-жеңіл автокәлік, Семей-автобус). МЖК-де маманданудың үш түрі – бұйымдық (Астанадағы зауыт – тұқым сепкіш трактор, Павлодардағы зауыт – тракторлар шығарады), тетіктер мен бөлшектер шығару «Қостанайда ауыл шаруашылық машиналарының дизель қозғағыштары, Талдықорғанда аккумулятор шығ.), технологиялық (Өскемендегі автокөлік құрастыру зауыты) түрлері бар. Мамандану мен кооперативтендіру дамуының нәтижесінде көліктік фактордың ролі артады. Кейін тұтыну факторы, еңбек факторы тұрады.

Кейбір МЖ салалары еңбекті көп қажет етуімен бірге күрделі технологиясымен де ерекшеленеді. Мұндай салалар еңбекті де, ғылымды да кқп қажет ететін салалар болып табылады.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, қажетті ақпаратты дәптерлеріне жазып отырады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, сабаққа қатысып отырады. Өздерінің өмірлік тәжірибесінен білгендері болса немесе естіген қосымша ақпараттары болса, қосып айтып отырады.

5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

1. иақырыпты бекіту үшін мәтін аралығындағы 71, 72, 73, 74, 75 суреттерді талдау тапсырмасын береді.

Оқушылар оқулықтарындағы 71, 72, 73, 74, 75 суреттерді қарап, оларға толық талдау жасайды.

6. Сабақты қорытындылау кезеңі

1. Машина жасау кешенінің құрамына қандай салалар жатады?

2. Машина жасаудағы маманданудың қандай түрлері бар?

Сұрақтарға қолдарын көтеріп карта бойынша жауап береді.

7. Бағалау кезеңі

Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытуына және тапсырмаларды орныдауына қарай бағаланады.

Бағаларын күнделіктеріне қойдырады, ескертулері болса, мұғалімге айтады.

8. Үйге тапсырма беру

127-128 беттегі ақпараттарды оқу; 129-130 беттегі 1-4 тапсырмаларды орындау. Тестерге жауап беру.

Слайды и текст этой презентации


Машина жасау кешені


Машина жасау кәсіпорындары аса маңызды еңбек құралдарын- білдектерді, көлік аппараттары мен аспаптарды,ауылшаруашылық машиналарын жасап шығарады.
Машина жасау кәсіпорындары бүкіл шаруашылықтың техникалық қайта құрылуын, өндірісті кешенді механикаландыруды және автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

Машина жасау кешені дегеніміз- шаруашылықтың барлық салалары үшін құрал-жабдық,сондай-ақ халық тұтынатын бұйымдар өндіретін өнеркәсіп салаларының жиынтығы.


Машина жасау өнеркәсібінің негізгі шикізаты - қара және түсті металдар.
Бұрын машина жасау өнеркәсібінде шойын, болат, жез, қола ғана пайдаланылған болса, қазіргі кезде жоғары температураға шыдамды, коррозияға берік болаттың көптеген түрлері пайдаланылады. Жаңа материалдардан реактивті қозғалтқыштар, газ құбырлары, атом ракеталары, бақылау қондырғылары және басқа бөлшектер қолданылуда.


Машина жасау саласы шаруашылықтың барлық салаларын еңбек құралдарымен қамтамасыз етеді. Машина жасау зауыттарының әрқайсысы өзі маманданған өнім түрін шығарады.
Машина жасау зауыттарының мамандану түрлерінің бірі- техлоногиялық мамандану.
Технологиялық мамандану дегеніміз- дайын тетіктерден, бөлшектерден машина, автомобильдер құрастыру.


Елімізде машина жасау өнеркәсібі аспаптар мен жабдықтардың 2 мыңнан астам түрлерін шығарады. Басқа республикалардан білдектер мен автомат желілері, теміржолдың қозғалмалы бөлшектері, автомобиль, кеме, ұшақ, т.б. машина түрлері әкелінеді.



Алматыда ауыр машина жасау зауыты түсті және қара металлургия, химия комбинаттары үшін күрделі құрал-жабдықтар шығарса, Қарағандыда шахталарға арналған құрал-жабдықтар, бұрғылау машиналары, крандар мен қазатын машиналар шығаруда.


*Тапсырма 2 . ( І ) Әрбір оқушы өндіріс саласы туралы ақпаратты жеке өз парағында толтырады. Кескін картада саланың шикізат базасын , өңдеу орталықтарын белгілейді, қорытынды сипаттама жазады (Қазақстанда бұл саланың даму деңгейі, шикізат базасының ерекшеліктері, өндіріс көлемі, динамикасы, экспорт бағыттары, өңдеу саласындағы туындайтын мәселелер, т.б.)


Көмір өнеркәсібінің географиясы

Көмір өнеркәсібінің географиясы


Мұнай және газ өнеркәсібі

Мұнай және газ өнеркәсібі


Электр жүйесі

Электр жүйесі





Қазақстанның металлургиялық базалары

Қазақстанның металлургиялық базалары



Химия кешені

Машина жасау

Жеңіл өнеркәсіп


-75%

Читайте также: